RFI: Орталық Африкадағы Ресей әскерилері топ болып адам зорлаған, азаптаған, сотсыз дарға асқан

ХФР Орталық Африкадағы «жалдамалы Ресей әскерінің заңсыз әрекеттері» туралы зерттеу шығарды


05/05/2021
11:50 43111 0

Фото: novayagazeta.ru

 

Халықаралық француз радиосы Орталық Африка республикасындағы «жалдамалы Ресей әскерінің» заңсыз әрекеттері туралы зерттеу шығарды

 

Журналистер Sewa Security Services, Lobaye Invest SARLU мен «Вагнер» әскери топтары бейбіт тұрғындарды азаптаған, сотсыз өлтірген, топ болып адам зорлап, алып қашқан, азаматтарды күштеп көшірген дейді.

 

Олар БҰҰ-ның арнайы жұмыс тобының Африкадағы жалдамалы әскер жайындағы баяндамасы мен ондаған куәгердің сөзіне сүйенген.

 

— Мысалы, биылғы қаңтардан сәуірдің ортасына дейін олар 26 адамды сотқа жүгінбей өлім жазасына кескен, бес рет зорлаған, 27 рет санкциясыз адам ұстап, бас бостандығынан айырған, — делінген зерттеуде. 

 

Ресейдің Орталық Африка республикасындағы елшілігі бұл зерттеуге қатысты еш түсінік бермеді. Бірақ БҰҰ осы жайттар туралы баяндамасын шығарарда елшілік мұны арандату деп атаған еді.  

 

2013 жылдан бері Орталық Африка республикасында үкімет пен ереуілшілер қақтығысып келеді. Ресей үкіметтегілер жағында соғыссын деп өз әскерін жіберіп отырады. Мәскеу «әскерилер ешқандай атыс-шабысқа араласпайды, тек “инструктор” қызметін атқарып жүр» дейді.

Поделиться

Нет комментариев.

05/05/2021 11:50
43111 0

Уведомление